Оразкүл Асанғазы: Жүйелі жұмыстың арқасында елордадағы әрбір пәтерге жылу мен су үздіксіз беріліп отыр


Астана қаласының жылу, су және электр энергиясымен қамтылуы жөнінде қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы осылай деп пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қыс шанаңды жаз сайла» деген бар. Қыс маусымы қашанда екі есе дайындықты қажет ететіні белгілі. Кез келген адам күн суытып, қар түсе бастағанда «бұл қыс қалай өтер екен» деп ойланады, қамданады. Ал елорда тұрғындардың қытымыр қыстан қысылмай шығуын қамтамасыз етуді басты назарда ұстайтын - қала басшылығы тізгінін ұстаған азаматтар. Астана қаласы әкімдігінің көктемнің басынан бастап жылыту маусымына жүйелі дайындалғанының арқасында қыста әрбір пәтерге жылу, су, электр жарығы толық әрі үздіксіз беріліп отыр.
Міне, қыстың да аяқталуына санаулы күндер қалды. Дегенмен суық күндері де қалада ешқандай жылу да, су да, электр энергиясы да тоқтаған жоқ. Тұрғындар қыстан тоңбай шықты. Ал осының бәрі қала әкімдігінің, аудандар әкімдіктерінің, басқа да ірі мекемелердің арқасында жүзеге асып жатыр деген ойдамын. Сондықтан біз, қала тұрғындары Астана қаласы әкімдігінің халықтың қамын ойлап, жүйелі де тұрақты атқарған жұмысына ризамыз», - деді Оразкүл Асанғазы.