Прокуратураның араласуымен Астанада 1 150 ана мен нәрестенің құқықтары қорғалды
Астана қаласы «Нұра» ауданы прокуратурасы денсаулық сақтау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында перзентханадан шығарылған 1 150 ана мен жаңа туған нәрестеге арналған тегін «дәрі-дәрмек қобдишалары» берілмегені белгілі болды.
Бұл ана мен баланы қорғау және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету қағидаттарына қайшы келеді.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде барлық бұзушылықтар жойылып, қажетті медициналық жиынтықтар толық көлемде берілді.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Бұған дейін киберқылмыстың ашылуы 29 пайызға өскені туралы жаздық.