LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Фото: City Transportation Systems компаниясы
LRT жобасының екінші кезеңін іске асыру үшін Қосшы қаласы бағытындағы алғашқы тірекке бетон құйылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды.
Қосшы қаласы бағытында барлығы 300-ден астам тірек тұрғызылып, 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалық, сондай-ақ сегіз монолитті арқалықты монтаждау көзделген.

Ұқсас жаңалықтар