Полиция көлікті ұрлап алып айдап кеткен ер адамды Астанаға баратын жолда тоқтатты. Қазір ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысы ПД сілтеме жасап.
Kia Soul автокөлігінің ұрланғаны туралы хабар Көкшетау қаласының полиция басқармасына келіп түскен. Көліктің иесі әйел оқиғаға бұрынғы күйеуі қатысты болуы ықтимал екендігін жеткізген. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптының арасындағы жанжал көлік ұрланардан бұрын болған.
Көліктің сипаттамасы бойынша полиция оны қала ішінде және республикалық жолдарда іздестірді.
Нәтижесінде, Астана-Көкшетау автожолының 251-шақырымында патрульдік полиция іздеуде жүрген көлікті тоқтатты. Көлікті басқарған ер адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.
Көкшетаулық бұрынғы әйелімен кикілжіңнен кейін оның көлігін ұрлап кеткен
17 ақпан, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ұқсас жаңалықтар
15 қазан, 2026
170 мың теңге параның соңы 5,5 миллион айыппұлға ұласты: Ақтөбеде көлік инспекторы сотталды
15 қазан, 2026
Бюджет қаражатын жымқырған бас есепші 7 жыл бас бостандығынан айырылды
15 қазан, 2026
Шетел азаматы ұшақта елордалықтың 3,6 мың долларын ұрлап алған
15 қазан, 2026
БҚО-да 251 млн теңге субсидия қаражаты ұрланған