«Есік жазуы» мен Мәшһүр Жүсіп мұрасы ЮНЕСКО тізіміне енді - Ерлан Қарин

7 қараша, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
«Есік жазуы» мен Мәшһүр Жүсіп мұрасы ЮНЕСКО тізіміне енді - Ерлан Қарин
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Қазақстанның құжаттық және материалдық емес мәдени мұрасын ЮНЕСКО-ның беделді тізімдеріне енгізу жөніндегі бастамаларын іске асыру жұмысы жалғасуда. Бұл туралы ҚР Вице-президенті Ерлан Қарин өзінің telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның сөзінше, Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты өңірлік комитетінің 11-ші отырысында Қазақстан ұсынған «Есік жазуы» (Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы жазу) және «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының басылымдарға шыққан туындыларының топтамасы» деп аталатын екі номинациясын ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» (MOWCAP) бағдарламасының өңірлік тізіліміне енгізу туралы шешім қабылданғанды.

«Сондай-ақ желтоқсан айында Қытайдың Сямынь қаласында өтетін ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің 21-ші сессиясы да маңызды оқиға болмақ. Аталған сессияда Қазақстанның қатысуымен әзірленген «Кесте өнері: біз кесте, бедел кесте» және «Дәстүрлі киіз басу: киіз басу» атты көпұлтты номинацияларды, сондай-ақ «Салбурын: тазы ертіп, бүркіт салатын атбегілер фестивалі» атты Қазақстан номинациясын Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізу туралы түпкілікті шешім қабылданады», - деді ол.

Қарин сондай-ақ қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның бағалау органы аталған номинацияларды тізімге енгізу жөнінде оң қорытынды беріп отырғанын айтты.

«Осылайша, ЮНЕСКО тізімдері ұлтымыз бен еліміздің тарихи-мәдени мұрасын танытатын жаңа қазақстандық номинациялармен толығуда», - деп атап өтті Ерлан Қарин.

Еске салсақ, Ерлан Қарин Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру комиссиясының соңғы шешімін түсіндірген болатын.