Қазгидромет 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанады.
Солтүстік батыстан жел соғады, жылдамдығы – секундына 9-14 метр.
Күндіз ауа температурасы +4,+6°С болады.