170 мың теңге параның соңы 5,5 миллион айыппұлға ұласты: Ақтөбеде көлік инспекторы сотталды

15 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
170 мың теңге параның соңы 5,5 миллион айыппұлға ұласты: Ақтөбеде көлік инспекторы сотталды
фото: Elordainfo.kz

Ақтөбе облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясының қызметкері автокөліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз еткені үшін тасымалдаушыдан бірнеше рет пара алған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап. 

Алынған параның жалпы сомасы 170 мың теңгені құрады.

Сот қызметкерді кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойыға тыйым сала отырып, 5,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Прокурордың өтінішхаты бойынша Көлік бақылау инспекциясының мекенжайына жеке қаулы шығарылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұдан бұрын Жетісуда жүк көліктері автоматты салмақ өлшеу станциясын айналып өтіп келгені туралы жаздық.