Жұбаназар мен Куюлова Азия чемпионатында қола жүлде алды

17 сәуір, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Жұбаназар мен Куюлова Азия чемпионатында қола жүлде алды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының қос дзюдошысы Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигүл Куюлова Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медальге ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі, ал Эсмигүл Куюлова 63 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Абылайхан қола медаль үшін өткен белдесуде БАӘ өкілі Гаджимурад Омаровты айқын басымдықпен жеңді. Әділет Алмат дәл осы салмақта алтын жүлде үшін белдесетін болады. Ал Эсмигүл Куюлова Тайбэй өкілі Пэй Чунь Юаньді сенімді түрде жеңді.

Еске салсақ, бұған дейін 81 келіге дейінгі салмақта Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанғанын жаздық.