Жезқазған-Астана бағытындағы пойыз жүк вагонымен соқтығыса жаздады
25 тамыз, 2025
фото: ҚТЖ баспасөз қызметі
Кеше сағат 21:38-де Жарық-Жезқазған учаскесіндегі Қызылжар-Түйемойнақ аралығында Жезқазған-Астана бағытындағы №107 жолаушылар пойызының машинисі жылдамдығы 12 км/сағ болған кезде жолда бөгет тұрғанын байқап, пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Локомотив бригадасының кәсіби әрі жедел әрекеттерінің арқасында ірі зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды. Десе де пойыз бен жүк вагоны қатты түйіскен. Қаза тапқандар жоқ, алайда кейбір жолаушылар шұғыл тоқтаудың салдарынан жеңіл жарақат алды.Пойыз 23:14-те сапарын қайта жалғастырды», – делінген хабарламада.
Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивтің зақымдануы тіркелген жоқ. Оқиға себептері анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген