Жанарбек Әшімжанов: Көркемдік-сараптамалық кеңес құру керек
22 қаңтар, 2025
Фото: parlam.kz
Мәжіліс депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов Премьер-министр Олжас Бектеновке отандық киноның сапасына қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Халық қалаулысының айтуынша, ұлттық киноға көңіл бөлудің маңызы сәт сайын артып тұр.
«Елімізде түсірілетін фильмдердің идеологиялық, тілдік, ұлттық ұстанымын реттеу тетігін қарастыратын арнайы көркемдік-сараптамалық кеңес құру керек. Мемлекеттік тілдегі ұлттық фильмдердің үлес салмағына басымдық беру қажет. Фильмдерде мемлекеттік тіл нормаларының бұзылуы қатаң қадағалануға тиіс. Сондай-ақ халықты арнайы ұлттық киноларды көрсететін кинотеатрлармен қамтамасыз ету керек», – деді депутат.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Астанадағы сайлау учаскелерінде Наурызға арналған мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды
13 наурыз, 2026
Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «Шолпанның күнәсі» драмасының премьерасы өтті
12 наурыз, 2026
Қазақстан Елшісі Тарас Шевченконың 212 жылдығына арналған шараға қатысты
9 наурыз, 2026
Белгілі өнер қайраткерлері «Халықтың Ата заңы» атты әнді бірге шырқады