Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді
28 наурыз, 2025
Фото: gov.kz
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда Астана уақытымен 3:42-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 323 шақырым жерде, Жамбыл облысының аумағында орналасқан.
Зілзала дүмпуі Жамбыл облысының Меркі ауданында 5 балл деңгейінде сезілді. Құлан ауылында 4 балл, Тараз және Шу қаласы, Қордай, Мойынқұм ауылдарында 2 балдық деңгейде сезілді.
ТЖМ-ның хабарлауынша, әзірге зардап шеккендер мен қирау туралы мәлімет түскен жоқ. Қазіргі уақытта барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істейді.
ҚР ТЖМ мен ТЖД Командалық орталығында жедел желі ашылды: +7 7172 55-96-21, + 7 262 51-35-75.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген