Зейнолла Ыдырысов гимнастикадан Болгариядағы турнирде күміс жүлдегер атанды
11 мамыр, 2025
Фото: qaz_team_official/instagram
Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан кезекті Challenge Cup турнирінде қазақстандық Зейнолла Ыдырысов жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық гимнаст ат снарядындағы жаттығудан күміс жүлдеге қол жеткізді.
Зейнолла Ыдырысов 14.233 ұпай жинады. Одан сәл көбірек ұпай алған вьетнамдық Нгок Хуан (14.266 ұпай) чемпион атанды.
Өзбекстандық Абдулла Азимов қола жүлдеге ілікті.
Бұдан бұрын наурыз айында Түркияның Анталия қаласындағы әлем кубогы кезеңінде Зейнолла Ыдырысов дәл осы жаттығудан екінші орынға ие болған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде Нариман Құрбановтың алтын, Зейнолла Ыдырысовтың күміс алғанын жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:21
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды
1 мамыр, 2026
Роберт Мшвидобадзе: Қазақстан спортшылары демалғысы келмейді