Референдум-2026

Заң мен тәртіп: елордада студенттерге сот процесі көрсетілді

29 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Заң мен тәртіп: елордада студенттерге сот процесі көрсетілді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Есіл» ауданының прокуратурасы Maqsut Narikbayev University студенттері үшін есірткі заттарын заңсыз өткізуге қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысының көрсетілімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара барысында студенттерге сот процесінің қалай өтетіні көрсетіліп, қылмыс жасаудың құқықтық салдары мен Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша қарастырылған жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Көрсетілімді сот отырысының негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жастарды заңды сақтауға шақыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қылмыс жасаудың салдары мен ол үшін жауапкершіліктің міндетті түрде болатыны түсіндірілді.