1-9 мамыр аралығында Талдықорған қаласында көкпардан ересектер арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Ел біріншілігінің дүбірлі додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 19 команда қатысты.

Жарыстың топтық кезеңінде Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы жартылай финалда Алматы облысының құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алды.
«Шешуші кездесуде жамбылдық көкпаршылар Шымкент қаласының командасын 6:0 есебімен ойсырата жеңді», делінеді хабарламада.
Осылайша, Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстан Республикасының 16 дүркін чемпионы атанып, ел спорты тарихындағы жарқын жеңістерінің бірін тіркелді.