Хромтауда дәмханадағы жарылыстан бес адам зардап шекті
20 қаңтар, 2026
Фото: zello.chromtau04
Ақтөбе облысының Хромтау қаласында Ғ. Жұбанова көшесінде орналасқан жеке тұрған қоғамдық тамақтану нысанында газ жабдығы жарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 19 қаңтарда шамамен сағат 17:45-те болған. Өртті сөндіруге ТЖД-ның екі техникасы мен жеке құрамның жеті қызметкері жедел барған.
«Оқиға салдарынан 80 шаршы метр ғимараттың құрылымдары қирады. Зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетіліп, бес адам медициналық мекемеге жеткізілді», делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Еске салсақ, Жамбыл облоысының тұрғыны жолдағы «Сергек» камерасын мылтықпен атқанын жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді