Референдум-2026

Түркістан мен Қызылорда облысы мейрамхана салудан республика бойынша алдыңғы орында

Түркістан мен Қызылорда облысы мейрамхана салудан республика бойынша алдыңғы орында
Фото: vesveter.ru

Былтыр елімізде 73 мейрамхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Нысандардың нақты құны 74,2 млрд теңге, олардағы орын саны 20 048. Түркістан облысында 28 нысан,  Қызылорда облысында 8 нысан пайдалануға берілген.

2025 жылы 6 696 орындық 92 кафе іске қосылды, олардың жалпы құны 14,2 млрд теңге.  Өңірлер арасында ең көп кафеле ашылған Түркістан (21) және Қызылорда (14) облыстары.

Сондай-ақ былтыр 1 417 орынға есептелген 14 асхана ашылды.