«Таза Қазақстан»: Астанада құрылыс қалдықтарын заңсыз төккен ұйымдар жауапқа тартылды
15 қазан, 2025
Фото: polisia.kz
Астанада тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қалалық полиция құрылыс нысандарында рейд жүргізіп, абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылауда.
«Құрылыс жұмыстары қаланың дамуына үлес қосады, алайда олар нормаларға сай әрі қоршаған ортаға зиян келтірмей жүргізілуі маңызды. Жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзудың 370-тен астам дерегі анықталды. Тек соңғы апта ішінде құрылыс қоқыстарын белгіленбеген жерлерге төккен 10 нысан жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Қаланың тазалығы тек қызмет көрсетуші ұйымдарға емес, әрбір тұрғынның саналы әрекетіне де байланысты.
Полиция барша тұрғынды тазалықты сақтауға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды