Ол теміржол өтпесінде жолаушылар пойызының алдынан өтіп кетпек болған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.
Оқиға 2025 жылы қараша айында түнде Меркі ауданының «Қарасу-Тәтті» станциясының теміржол өтпесінде болған. «ВАЗ 21213» маркалы автокөлікті басқарған азамат Алматы-Шымкент бағытында жүретін «Тальго» жолаушылар пойызына жол бермей, соғылған.
Істі Меркі аудандық соты қарап, жүргізушіге әкімшілік жаза тағайындады. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 607-бабы 3-бөлігі бойынша сот қаулысымен 9 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар айында 110 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеді.