Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды
8 қыркүйек, 2025
фото: видеодан алынған кадр/t.me/saryagashinform
Әлеуметтік желіде Түркістан облысында ер адамның қарияға балағат сөздер айтып, ұрып-соққан видеосы тарады. Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осы оқиғаға қатысты Түркістан облыстық полициясы түсініктеме берді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген