Шымкент полициясы адам пышақтап өлтіргендерді іздестіріп жатыр
21 қаңтар, 2026
Фото: Egovpress парақшасындағы видеоның скриншоты
Шымкентте жол-көлік оқиғасы кезіндегі жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қазір полиция 40 жастағы қала тұрғынының өліміне күдіктілерді іздестіріп жатыр.
«20 қаңтарда Ерімбетов пен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында жүргізушілер мен жолаушылар арасында жанжал шығып, екі тарап та пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды», делінген хабарламада.
Қазір кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды