Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда жеңілді
10 қазан, 2024
Фото: olympic.kz
Үстел теннисінен ерлер командасы Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлады Elordainfo olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жартылай финалға жолдама беретін матчта отандық спортшылар үндістандық қарсыластарына есе жіберді.
Кирилл Герасименко алғашқы ойында ұтылды. Одан соң Алан Құрманғалиев қарсыласынан басым түсіп, есепті теңестірген. Артынша Үндістан тағы алға шықты – Айдос Кенжеғұлов қарсыласына дес берді.
Ойынның төртінші матчында қазақстандық спортшылар толығымен жеңілді. Онда Кирилл Герасименко Үндістан спортшысын жеңе алмады. Қорытынды есеп қарсы тараптың пайдасына 3:1-ге тең болды.
Осылайша Үндістан жартылай финалға шықты.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды