Соғыс ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығы медалі беріледі
16 қаңтар, 2025
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Қорғаныс министрлігі «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен өзге де қатысушыларына салтанатты түрде құрмет көрсету мақсатында әзірленді.
Жарлықтың жобасында «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» меретойлық медальмен марапаттау ережесі және медаль сипаттамасы нақтыланады.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 29 қаңтарға дейін мына сілтемеге өтіп, таныса аласыздар.
Ұқсас жаңалықтар
30 шілде, 2026
Елімізде биылғы I тоқсанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемі артты
29 шілде, 2026
Алаяқтар қалай қарызға батырады: FinGramota ең көп таралған екі интернет-схеманы түсіндірді
29 шілде, 2026
Қоныс аудару бағдарламасы: жеке баспана алуға 7 млн теңгеге дейін беріледі
27 шілде, 2026
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға маңызды ескерту жасады