Шымкентте шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді
31 қазан, 2024
Фото: Polisia.kz
Шымкентте шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«21 жастағы ер адам қала аумағында «синтетика» таратумен айналысқан. Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады. Тексеру барысында одан мефедрон салынған бумалар табылып, тәркіленді. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 100 грамнан асады», - делінген хабарламада.
Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Анықталған жайт бойынша полиция тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген