Сеулді қар басып қалды
28 қараша, 2024
Фото: freepik
Корея Республикасының астанасында қарашада рекордтық қар жауып, қалыңдығы 16 см-ден асты. Бұл туралы сәрсенбі күні Кореяның метеорологиялық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Басқарма мәліметінше, қар сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де жауа бастаған. Нәтижесінде 16,5 см қар жауды, бұл барлық бақылау кезеңіндегі қараша айындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады (метеорологиялық бақылау 1907 жылдың қазан айынан бастап жүргізілді).
Бұған дейінгі рекорд 12,4 см болды, бұл мәлімет 1972 жылы 28 қарашада тіркелген.
Бейсенбі күні таңертеңге дейін ел бойынша жаңбыр немесе қар жауады деп болжанып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
26 сәуір, 2026
Қазақстан бітімгерлері Сирияда гуманитарлық акция өткізді
17 сәуір, 2026
Қазақстан спутниктен алынған деректерді экспортқа шығарып жатыр ма
15 сәуір, 2026
Ғарыш саласы еліміздің экономикасына қандай пайдасын тигізуі мүмкін
13 сәуір, 2026
Жаһандық мәселе: орбитадағы қалдықтарды кім тазалайды