Семсерлесуден әлем кубогына қатысатын спортшылар анықталды

13 сәуір, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Семсерлесуден әлем кубогына қатысатын спортшылар анықталды
Фото: olympic.kz

Афина қаласында (Грекия) семсерлесуден әйелдер арасында әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының намысын сегіз спортшы қорғайды. Құрамға Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Карина Доспай, Полина Ко, Диляра Исабекова, Татьяна Приходько, Наргиз Сайдуллаева және Қайша Жәнібек енді.

Спортшылар жекелей сында да, командалық жарыста да өнер көрсетеді.

Әлем кубогының кезеңі 17-19 сәуір аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, Астанада «Келешек мектептері» арасында футзалдан республикалық турнир өтеді.