Семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде ел намысын 11 спортшы қорғайды

15 мамыр, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде ел намысын 11 спортшы қорғайды
Фото: ҰОК

Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Бернде (Швейцария) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама сапына 11 спортшы енді:

- Руслан Курбанов

- Эльмир Әлімжанов

- Кирилл Проходов

- Вадим Шарлаимов

- Ерлік Сертай

- Александр Федотов

- Никита Жулинский

- Аңсар Қасен

- Богдан Лукин

- Кирилл Павлов

- Георгий Тинников

Айта кетейік, жарыс 22-23 мамыр күндері өтеді.

Еске салсақ, үстел теннисінен ұлттық құраманың өкілі Жәния Бекмұхамбетова WTT Youth Contender халықаралық турнирінде топ жарды.