Қызылордада құтқарушылар ер адамның саусағынан сақинаны шығарып алып берді

Бүгін, 21:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қызылордада құтқарушылар ер адамның саусағынан сақинаны шығарып алып берді
Фото: 112 kz

Қызылордада төтеншеліктер әшекей бұйымының тұтқынына айналған ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қоңырау қалалық көпсалалы аурухананың қабылдау бөлімінен түскен: зардап шеккен адамның саусағы қатты ісінген, және жүзікті өздігінен немесе медициналық қызметкерлердің көмегімен шешу мүмкін болмаған.

«Оқиға орнына құтқарушылардың арнайы тобы жедел жетіп, арнайы құралдарды пайдалана отырып, зергерлік дәлдікті талап ететін операция жүргізді. Ер адамның оң қолындағы жүзік абайлап кесіліп, теріден зақымдалмай алынды», - делінген хабарламада. 

Құтқарушылардың салқынқандылығы мен шеберлігі арқасында ер адамға медициналық көмек қажет болмады. Операция аяқталған соң ол өздігінен ауруханадан шықты.

Еске салайық, бұған дейін елордада монша кешенінде өрт шыққаны туралы жаздық.