Қызылордада әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізуде заңбұзушылық анықталды

15 маусым, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қызылордада әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізуде заңбұзушылық анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қызметіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу шарттарында жекелеген нарық субъектілеріне артықшылықтар беру және бәсекелестер үшін кемсітушілік жағдайлар жасау фактілері анықталды.

«Аталған әрекеттерде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген бәсекелестікке қарсы әрекеттер белгілері байқалды. Осыған байланысты Департамент тарапынан Акционерлік қоғамға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бойынша хабарлама шығарылды», делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда хабарлама толық көлемде орындалды. Нәтижесінде барлық жеткізушілер үшін бірыңғай талаптар белгіленді.

Еске салсақ, 39 тоннадан астам шабдалы мен сәбіз Қытайға кері қайтарылды.