«Мемсараптама» РМК құрылыс саласындағы сметалық құнның ашықтығын, дәлдігін және сенімділігін арттыруға бағытталған сметалық құжаттама файлдарының жаңа форматын (KENML 2.0) енгізу туралы хабарлайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жаңа формат сметалық деректерді құрылымдандырылған және машиналық оқылатын форматқа көшіруді көздейді, бұл сметалық есептеулерді біріздендіруге және оларды бағдарламалық қамтамасыз етуге тәуелсіз етуге мүмкіндік береді.
Жаңа форматтың негізгі артықшылықтары:
• сметалық көрсеткіштердің дәлдігі мен салыстырмалылығын арттыру;
• сметаларды тексеру уақытының қысқаруы;
• деректердің қайталануы мен қолмен енгізу кезінде қателіктердің туындау тәуекелдерін төмендету;
• шығындардың ашықтығы мен бақылауын күшейту.
Сметалық құжаттаманың жаңа форматының сипаттамасы ҚР ЕЖ 1.02-123-2025 «Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелермен жобалық-сметалық құжаттаманың электрондық цифрлық түрі» нормативтік техникалық құжатында келтірілген.
Сметаларды жаңа форматта сараптамаға ұсыну 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті болады.
Жаңа форматты енгізу құрылыс саласын кешенді цифрлық трансформациялаудың бір бөлігі болып табылады және жобалау, сараптау және құрылыс жобаларын іске асыру процестерінің тиімділігі мен технологиялылығын арттыруға бағытталған.
Құрылыстағы ашықтықты арттыру: сметалық құжаттаманың жаңа форматы енгізілді
23 желтоқсан, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ұқсас жаңалықтар
15 қазан, 2026
Ипотека алған адам қайтыс болса, қарызды кім төлейді
15 қазан, 2026
Жаңа Салық кодексі: декларациялауға қатысты өзгерістер түсіндірілді
15 қазан, 2026
Balazhan платформасы балаларға уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді – министрлік
14 қазан, 2026
Елордада мемлекеттік этносаясатты іске асыру мәселелері талқыланды