Қазақстандықтардың 37,5 пайызы дауыс беріп үлгерді
Орталық референдум комиссиясы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың сайлау учаскелеріне келу мәліметін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жалпы, елімізде 4 677 595 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,54 пайызы. Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды.
Дауыс беру саны жағынан республика бойынша Ақтөбе облысы алдыңғы орында тұр. Ақтөбеліктердің 45,73 %-ы дауыс берді. Екінші орында Ақмола облысы, облыс тұрғындарының 44,66 %-ы дауыс берген. Үшінші орында Түркістан облысы. Облыс тұрғындарының 44,13 %-ы дауыс берді.

Еліміздегі барлық 10 388 учаскеде дауыс беру процесі басталды. Дауыс беру құқығы бар азаматтардың жалпы саны - 12 461 796 адам.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 14.00-де беріледі.