Референдум-2026

Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 09:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Жапонияның Киото қаласында өтіп жатқан ескек есу марафоны бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Құрлық біріншілігінде Кирилл Тубаев пен Полат Төребеков алтын медаль иеленді.

Кирилл Тубаев байдаркамен есуде 3 400 метр қашықтықта топ жарып, Азия чемпионы атанды.

Ал Полат Төребеков 3 400 метр қашықтықтағы каноэ жарысында мәреге бірінші болып келіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Еске сала кетейік, 2027 жылы Астанада УЕФА конгресі өтеді.