Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов есептілік, салықтар мен алымдар санын қысқарту есебінен кәсіпкерлердің өз бизнесін дамытуға көбірек көңіл бөлуіне болатынын атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Салықтық есептілік 30%-ға, ал салықтар мен алымдардың саны 20%-ға қысқарады. Бұл кәсіпкердің есеп беруге жұмсалатын уақытын азайтып, өз бизнесін дамытуға көбірек көңіл бөлуіне ықпал етеді», - деп атап өтті Премьер-министр.