Референдум-2026

Қазақстанда жаңа оқу жылындағы мектеп оқушыларының демалыс кестесі бекітілді

31 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанда жаңа оқу жылындағы мектеп оқушыларының демалыс кестесі бекітілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.

Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Сондай-ақ 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдері бекітілді. Толық ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.

Еске сала кетейік, Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жөнінде кеңес өткізді.