Қазақстанда құрылыс саласының 2025 жылғы көрсеткіші қандай болды
13 қаңтар, 2026
Фото: Сұлтай Сейіт
Еліміздегі құрылыс саласының физикалық көлем индексі 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда 15,9 пайызға өсіп, 10,7 трлн теңгеге жетті. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 0,9 пайызға (+85,3 млрд теңге) асып түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, бұл өсім жайлы мектептер, ауруханалар және спорт кешендер сияқты әлеуметтік нысандарды салу бойынша маңыздды ұлттық жобаларды іске асырумен, сондай-ақ көлік және коммуналдық инфрақұрылымды кеңейтумен байланысты болды.
Құрылыс жұмыстарының физикалық көлем индексінің өсуі елдің 19 аймағында байқалған.
Бұған дейін 2025 жылы Қазақстанда рекордтық көлемдегі цемент өндірілгенін жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
14 наурыз, 2026
Бас прокуратура заңсыз активтерді қайтару бойынша 2025 жылдың есебін жариялады
14 наурыз, 2026
Қайтарылған активтер бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде – Бас прокуратура
14 наурыз, 2026
Дрондар және жасанды интеллект: құтқарушылар жұмысындағы жаңа мүмкіндіктер