Жасанды интеллект министрлігі спутниктерді өндіру бойынша отандық кешеннің қуаттарын жүктеу бойынша жұмысты бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Алдағы жылдары жерді қашықтықтан зондтаудың кемінде 5-6 спутнигі шығарылатын болады. Оның ішінде $75 млн сомасына экспорт жоспарлануда, бұл Қазақстан тарихында тұңғыш рет болады және еліміздің ең технологиялық экспорты болмақ, - деді вице-премьер.