Фуджейрада (БАӘ) рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы ірі жарыста екі медальға қол жеткізді.
Әйелдер арасында София Актаева күміс жүлдеге ие болды.
Ерлер жарысында Тимофей Семёнов ел қоржынына қола медальді салды.
Бұған дейін 2025 жылы елордалық спортшылар 5 мыңнан астам медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.