Президент Мьянманың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
29 наурыз, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.
Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
2 мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Польша Президенті мен Премьер-министріне ризашылық білдірді
30 сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королін мерейтойымен құттықтады
30 сәуір, 2026
Президент Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
30 сәуір, 2026
Тоқаев Халықаралық кинология федерациясының президентін қабылдады