Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.
Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады.