«Отбасы банк» кезекте тұрған азаматтардың тізімін жариялады
15 тамыз, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
«Отбасы банк» АҚ сайтында кезекте тұрғандардың өзекті тізімі жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тізімді қалай табуға болады:
1. «Қолжетімді баспана» бөліміне өтіңіз.
2. «2025 ж. 31 шілдедегі жағдай бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар тізімі» бөлімін таңдаңыз.
3. Өзіңіздің өңіріңізді таңдап, тізімді жүктеңіз.
«Егер аты-жөніңіз сәйкес келсе, жазбаның сізге тиесілі екенін есепке қою күні арқылы анықтай аласыз. Сондай-ақ orken.otbasybank.kz платформасында «Мәртебеңді біл» ️ батырмасы қолжетімді болды. Онда есепке қою күні мен өз категорияңызды білуге болады»,- деп жазылған «Отбасы банк» хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
19 маусым, 2026
Курьер болып жұмыс істейтін аналарды төлемдерден айыру туралы ақпарат жалған - министрлік
18 маусым, 2026
Әскери қызметшілер үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілді
18 маусым, 2026
Елордада мүгедектерге әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі түсіндірілді
18 маусым, 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігін бақылаудың жаңа тетігі енгізіліп жатыр