Наурызнама: Ұлттық спорт күні

Бүгін, 07:01
elordaaqparat elordaaqparat
Наурызнама: Ұлттық спорт күні
Фото: Gemini AI

Бүгін Наурызнама онкүндігінің ұлттық спорт күні, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қазақ көшпенді өмір сүргендіктен далалықтарға тән спорт ойындары көп. Олардың бәрі тұрмыс-тіршілікпен тығыз байланысты пайда болған.

Наурызнаманың бұл күнінде  қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін насихаттауға арналған күн. Бұл күні еліміздің әр өңірінде ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, аударыспақ сияқты ұлттық спорт түрлері кеңінен дәріптеледі. Ұлттық спорт – халқымыздың күш-қайратын, батылдығы мен ептілігін танытатын мәдени мұраның маңызды бөлігі.