Мүмкіндігі шектеулі жанның құқығын бұзған әуе компания жауапқа тартылды
30 қаңтар, 2025
Фото: freepik.com
Астанада мүгедектігі бар адамның құқығын бұзғаны үшін әуе компания жауапқа тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы 3 қарашада Санкт-Петербург-Aстана рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға әуе компания тиісті қызмет көрсетпеген.
«Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болды. Әуе компаниясы қызметкерлерінің мүгедек арба қажет екені туралы қате хабарламасы уақтылы қызмет көрсетпеудің себебі болды», - деп жазылған хабарламада.
Прокуратура актісі бойынша әуе компаниясы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 571-бабының 1-бөлігі).
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен өмірден өтті
18 қыркүйек, 2026
«Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
18 қыркүйек, 2026
Пияз, картоп, сәбіз: Елімізде бірқатар азық-түлік арзандады
16 қыркүйек, 2026
Shin-Line Group пен Кореяның Foodpolis институты Қазақстанда алғашқы азық-түлік кластерін құрады