Header Banner

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Challenger турнирінде бақ сынайды

Бүгін, 16:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Challenger турнирінде бақ сынайды
Фото: olympic.kz

Эстонияның Таллин қаласында Challenger сериясына кіретін мәнерлеп сырғанаудан Tallinn Trophy халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын Никита Кривошеев пен Артур Смағұлов қорғайды.

18 қарашада спортшылар қысқа бағдарламаны орындаса, 19 қарашада еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

Ерлер арасындағы бәсекеде 24 спортшы жүлдеге таласады.

Еске сала кетейік, Қытайда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын таеквондошылар тізімі жарияланды.