ІІМ: Бес айда мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталды
Биылғы жылдың бес айында мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ведоствоның мәлімдеуінше, 2026 жылдың бес айында 266 мал ұрлығы фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға төмен. Сонымен қатар қылмыстың осы түрін ашу көрсеткішінде оң динамика байқалады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар 258 адам ұсталып, 58 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1 730 бас малдың 1 007-сі иелеріне қайтарылды.
Полиция Жамбыл облысында жалпы құны 15 млн теңгеден асатын 25 ірі қара мал ұрлығын ашты. Өңірдің үш тұрғыны ұсталды. Олар түнде жүк көлігін пайдаланып, жайылымнан мал ұрлап, кейін оның бір бөлігін делдалдар арқылы сатып жіберген. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды.
Ішкі істер министрлігі шаруа қожалығы иелеріне малды қараусыз еркін жайылымға жібермеуге, оны уақтылы таңбалап, мал жоғалған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырады.
Еске сала кетсек, Астанада мешіттен телефон ұрлаған күдікті ұсталды.