«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Байқоңыр ауданының прокуратурасы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Оқжетпес» және «Марал» бекеттерінде профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шара барысында жүргізушілерге Жол қозғалысы қағидаларының талаптары, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде көлік құралын басқарудың және көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқарғаны үшін көзделген құқықтық салдарлар түсіндірілді.
Прокуратура азаматтарды заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға, жолдарда жауапкершілік танытуға және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне ұқыпты қарауға шақырады.
Елордалық прокурорлар жүргізушілерге жол ережесін бұзудағы құқықтық салдарды түсіндірді
12 маусым, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
31 қазан, 2026
Астанада есірткіге қатысты интернет-ресурстарды анықтайтын жүйе таныстырылды
30 қазан, 2026
Елорда аумағында көші-қон заңнамасын бұзған 1,3 мың шетелдік депортацияланды
30 қазан, 2026
46 жыл бойы құжатсыз жүрген әйелдің құқығы қалпына келтірілді
30 қазан, 2026
Елордада заңсыз граффитилерге қарсы күрес күшейді