Елордалық дзюдошы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды
10 наурыз, 2026
фото: Астана қаласы әкімдігі
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі күнге созылған халықаралық жарысқа 21 елден 600-ге жуық спортшы қатысты.
Аталған жарыста Астана қаласының спортшысы Қонысбек Шыңғыс (-90 келі) жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдегер атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша еліміздің жасөспірімдер құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Еске салсақ, қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Аустрияда өткен турнирде алтын жүлде алғанын жазғанбыз.
Ұқсас жаңалықтар
13 наурыз, 2026
Астаналық балуан ел чемпионатында топ жарды
11 наурыз, 2026
Меруерт Балғынбаева: Ақмарал бағдарламаның күрделілігіне ерекше көңіл бөледі
11 наурыз, 2026
Alem Cup: Ақмарал Ерекешева жеке сайыста екі дүркін чемпион атанды
10 наурыз, 2026
Астаналық садақшылар әлемдік турнирде үздік атанды