Референдум-2026

Елордада Нұржол бульварындағы көше үш күнге жабылды

Елордада Нұржол бульварындағы көше үш күнге жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

25–27 маусым күндері Нұржол бульварында Ақмешіт көшесінен Қазақ радиосы көшесіне дейінгі аралығында маршруттық жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысына байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерісті ескеру сұралады. 

Еске сала кетсек, Астанада жыл басынан бері 796 мас жүргізуші ұсталды.