Астаналық өрт сөндірушілер «Есіл» ауданындағы Бұқар жырау көшесінде орналасқан он екі қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіруде, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғашқы бөлімшелер барған кезде 7-қабаттағы пәтерде қою түтін байқалған.

«Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық сөндіру үшін барлық шаралар қабылдануда.
Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. ТЖМ күштерімен жоғары қабаттардан 10 адам эвакуацияланды», - делінген хабарламада.
Нақтыланған деректерге сәйкес, ас үйдегі тұрмыстық техника, үй заттары мен жиһаз өртенген.

Еске сала кетейік, Астанада жол ережесін бұзған көлікті ақылы түрде эвакуациялау жүйесі енгізілді.