«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы «Астана Тазалық» МКК қызметкерлері үшін профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Кәсіпорынның мәжіліс залында Астана қаласы прокурорының көмекшісі Мұхит Қамбаевтың қатысуымен іс-шара өтті.
Дәріс барысында кәсіпорын қызметкерлеріне қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қағидасы түсіндіріліп, алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары және өзге де құқыққа қарсы әрекеттерді қоса алғанда, кең таралған құқық бұзушылықтар үшін көзделген заңды жауапкершілік түрлері туралы ақпарат жеткізілді.
Жалпы іс-шарамен кәсіпорынның шамамен 50 қызметкері қамтылды.
Дәрісті өткізудің негізгі мақсаты - қызметкерлердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, олардың құқыққа қарсы және қылмыстық схемаларға тартылу тәуекелін төмендету, сондай-ақ еңбек ұжымында құқық бұзушылыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.
Астана қаласының прокуратурасы қала кәсіпорындарында профилактикалық іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі құралының бірі екенін және азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Елорда прокурорлары «Астана Тазалық» қызметкерлеріне профилактикалық дәріс өткізді
21 мамыр, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
3 қараша, 2026
Астанада насыбай атқан жігіттер кейін аялдаманы өздері тазалауға мәжбүр болды
3 қараша, 2026
Қазақстан мен Үндістан қылмыскерлерді ұстап беру туралы уағдаласты
3 қараша, 2026
Астанада отшашу арқылы тыныштықты бұзған екі ер адам 5 тәулікке қамалды
3 қараша, 2026
Астанада вандализммен күрес күшейді