Елімізде жалған нөмірлі 500-ден астам автокөлік анықталды

Бүгін, 14:26
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде жалған нөмірлі 500-ден астам автокөлік анықталды
фото: Оңалхан Өнерхан

10-14 маусым аралығында ішкі істер органдары жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланатын көлік құралдарын анықтау бойынша республикалық рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

«Нәтижесінде 22 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзудың жолы кесілді, оның ішінде 500 көлік құралында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі орнатылған. Бұдан басқа мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз пайдаланылған 1,5 мыңнан астам көлік анықталды. Арнайы тұрақтарға шамамен 2,5 мың автокөлік қойылды. Аталған фактілер көбіне қасақана сипатқа ие және құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықтан жалтару мақсатында қолданылатынын көрсетеді.

Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидатын дәйекті түрде іске асырып, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады», - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Еске салайық, бұған дейін Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылғаны туралы жаздық.