Елімізде ер-азаматтардың саны қанша
Қазақстанда 10 млн-нан астам ер-азамат бар, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бюро мереке қарсаңында ерлердің қай өңірлерде басым екенін қарастырды.
Жас топтары бойынша ерлердің үлесі:
0-15 жас - 30,2%
16-60 жас - 56,5%
61 жас және одан жоғары - 13,3%
Ерлер ең көп шоғырланған өңірлер:
Алматы қаласы - 1,1 млн
Түркістан облысы - 1,1 млн
Алматы облысы - 806,5 мың
Астана қаласы - 785,4 мың
Ерлердің орташа жасы - 31,1 жас, күтілетін өмір сүру ұзақтығы - 72,19 жыл.
2025 жылы жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі - 51,6% (4,8 млн ер адам), жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес - 50,6%.
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі - 55,1%.
Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстандағы ең танымал ерлер есімі - Алан (817 адам). Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері жиі кездеседі.
Еске сала кетсек, Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты.